Бала шәкірттер «Сәдуақас қажы Ғылмани» мұражайына экскурсия жасады
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде өтіп жатқан жазғы сауат ашу курсының шәкірттері мұражайға экскурсия жасады.
Құлшылық ордасында орналасқан қазақтың көрнекті дін қайраткері, ағартушы, ақын Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы арнайы мұражайға келіп, ғалымның қолжазбалары мен өмір жолына қатысты құнды мәліметтермен танысты.
Шәкірттер қазақ руханиятында өшпес із қалдырған тұлғаның еңбектері туралы тың ақпарат алып, оның ғылыми және діни мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Айта кетсек, Сәдуақас қажы Ғылмани – өмірін білім мен ағартушылыққа арнаған, ислам құндылықтарын насихаттап, қазақ руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Оның еңбектері бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтпай, жас ұрпақты имандылық пен білімге үндеп келеді.







Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі