БАС ИМАМ БАСТАҒАН «ІЗГІЛІК КЕРУЕНІ» 50 ОТБАСЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы бастаған елордалық дін қызметкерлері «Ізгілік керуені» қайырымдылық акциясы аясында Астана қаласындағы 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді.
Қала бас имамы мұқтаж отбасылардың шаңырағына арнайы барып, азық-түлік қоржындарын табыстап, ақжарма тілегін жеткізді.
«Қазақта «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген тағылымды сөз бар. Қасиетті Құранда Алла Тағала Өз жолында жұмсалған әрбір игіліктің есесін міндетті түрде қайтаратынын сүйіншілейді. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең жақсысы – өзгелерге пайдалы болғаны» деп өсиет еткен. Сондықтан біз, имамдар, жақсылықта әрдайым өзгеге үлгі болуға тиіспіз. Бүгін жанашыр жамағатпен бірге 50 отбасының шаңырағына арнайы барып, азық-түлік себеттерін табыстаймыз. Осындай сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын! Жақсылықта жарысып, қайырымдылықтың көбейе түсуіне әрқайсымыз үлес қоса білейік», – деді Нұрбек қажы Әуесханұлы.


































Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі