Бас имам елордадағы балалар үйіне зиярат жасады

16 шілде 2026 73 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы «Ізгілік керуені» қайырымдылық жобасы аясында елордадағы «SOS Қазақстан балалар ауылдары» корпоративтік қорына арнайы барды. Мұнда бүгінгі таңда 70-ке жуық бала тәлім алады. Бас имам тәрбиешілермен, балалармен кездесіп, дінімізде ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға үнемі қарайласу сауапты амал екенін айтты.

«Мұсылмандардың арасында ең қайырлы үй, ішінде жетімі болып, оған жақсылық жасалатын үй» деген Алла Елшісі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадис шарифінде: «Кім Алла ризалығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиген әр шашы сайын жақсылық болады».  «Егер кімде-кім жетім ұл немесе жетім қызға жаны ашып,  қамқорлық жасаса,  онымен жәннәтта осылай қатар боламыз деп сұқ саусағы мен ортан саусағын бірге көрсеткені де бар. Дінімізде біреуді қуанту, қуаныш сыйлау жақсы амал. Біз әркез балалар үйіне барып тұрамыз. Тағдыр тауқыметімен осында тәрбие алып жатқан балаларға қарайласу үлкен сауапты іс. Сіздер шыдамдылық танытып, әр балаға мейірім көрсетіп, олардың келешегі жақсы болсын деп өсіріп жатырсыздар. Алла сауаптан жазсын. Осы балалардың болашағы жарқын болсын. Астана өкілдігі Өздеріңізбен жүздесіп, балаларды қуантайық деп сый-сияпатымызбен келіп отырмыз. Қабыл алыңыздар» деді бас имам өз сөзінде.

Зиярат барысында балаларға тәттілер, ойыншықтар және орталыққа қажетті тұрмыстық техника сыйға берілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру