БАС ИМАМ «МҰНАРА» ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

04 қараша 2026 96 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы «Мұнара» телеарнасындағы «Руханият Time» подкаст жобасына сұхбат берді.

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында ұйымдастырылған әңгімеге тележүргізуші, телеарнаның Астана қаласы өкілдігі бойынша тілшісі Еркін Шәкірұлы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қондыбай Ақпаров та қатысты.

«Адал қоғам қалай қалыптасады?» тақырыбында өрбіген сұхбатта адалдық пен әділдік, аманатқа беріктік, адал еңбек пен таза табыс мәселелері кеңінен қозғалды. Бас имам рухани құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру, әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарауы мен шыншылдықты өмірлік ұстанымға айналдырудың маңызына тоқталды.

Сонымен қатар әңгіме барысында ас беру мәдениеті, той өткізу әдебі және «Таза Қазақстан» акциясының тәрбиелік мәні сөз болды.

Сұхбаттың толық нұсқасын жақын күндері «Мұнара» телеарнасы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің YouTube арнасынан тамашалай аласыздар.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру