БАС ИМАМ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫН ӨТКІЗЕТІН ҚАРИЛАРҒА БАТАСЫН БЕРДІ (ФОТО)

18 ақпан 2026 102 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов құлшылық ордасында отыз күн бойы жамағатпен тарауық намазын өткізетін қарилармен жүздесіп, оларға сәттілік тіледі.

Айта кетсек, Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінде 3 қари тарауық намазын кезек-кезек өткізетін болады. Жамағатты намазға ұйытып, Құран Кәрімнің қасиетті аяттарымен сусындатар қариларымыз туралы мәлімет бере кетейік.

 1. ЖҰМАНАЗАР САДЫРХАНОВ
1979 жылы 23 қарашада туған.
Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы.
Асыл қырағатынан «Хафс» және «Шуғба» риуаяттары бойынша екі ижазаға ие.
ҚМДБ жанындағы «Қарилар алқасының» мүшесі.
Еліміздің алғашқы қариларының бірі, қазіргі көптеген қарилардың ұстазы.
20 жылдан астам уақыттан бері Рамазан айының Тарауих намаздарында Құран хатым етіп келе жатқан тәжірибелі қари.

2. АЛИХАН БЕРДЕН
2003 жылы 4 шілдеде туған.
Стамбұл қаласында орналасқан «29 Майыс» университетінің «Исламтану» факультетінің 3-курс студенті.
2024 жылы Батыс Қазақстан облысында өткен Республикалық Құран жарысының іріктеу кезеңінде 1-орын жүлдегері.
2020 жылдан бері Тарауих намазында Құран хатым етіп келеді.

3. НҰРМҰХАММЕД АЮБАЙ
2006 жылы 12 қыркүйекте туған.
Астана медресе-колледжінің 3-курс студенті.
2019 жылы Қызылорда қаласында өткен Республикалық Құран жарысында «Көрермен көзайымы» номинациясының иегері атанды.
2020 жылдан бері Тарауих намазында Құран хатым етіп келеді.

Пікірлер Кіру