Бас мешіт дәретханасындағы төсеніштер түгелімен ауыстырылды (ФОТО+ВИДЕО)

18 қыркүйек 2020 4296 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жаңалау жұмыстары күн санап жалғасып келеді. Кеше демеуші азаматтардың қамқорлығымен мешіт шамдары ауыстырылған болатын. Құлшылық ордасының іші самаладай жарық болып тұруына үлес қосқан жандардың ізгі жолы бүгін тағы да жалғасын тапты. Құлшылық ордасының қажетін өтеуге тырысқан тағы бір демеуші азаматтың арқасында бүгін дәретханадағы резеңке төсеніштері түгелдей ауыстырылып шықты.

Айта кетейік, еліміздің Бас құлшылық ордасындағы жайлылық пен әсемдіктің қашанда үйлесімділікте болуына қаперде ұстаған мешіт басшылығы биылғы жылы көптеген іргелі жұмыстар атқарды. Тамыз айының соңына таман ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі кілемдердің тоза бастауына орай түгелдей жаңартылған болатын. Жалпы көлемі 9 800 шаршы метр болатын жаңа кілем «Әзірет Сұлтан» мешітінің әсемдігіне үйлесіп, түгі жығылмаған жұмсақтығымен  жайлылықты арттыра түсті.

Жаңа кілемнің қиындылары да бүгін кәдеге асырылып, дәрет алатын орындықтардың үстіне төселіп шықты. Әсіресе, қысты күндері суық тартып тұратын тас отырғыштардың енді жамағат үшін жайлылықтан басқа міні жоқ болды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру