БАС МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЗЕКЕТ ПЕН САДАҚАНЫҢ БЕРЕКЕСІ ЖАЙЫНДА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

27 ақпан 2026 138 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтып, жамағатты ізгілік пен қайырымдылыққа үндеді.

Уағыз барысында Бас мүфти «Зекет пен садақа берудің пайдасы мен берекеті» тақырыбын кеңінен тарқатып, бұл құлшылықтардың қоғам өміріндегі маңызына ерекше тоқталды.

«Асыл дінімізде зекет пен садақа – қоғамдағы әділет пен мейірімді нығайтатын ұлы құлшылықтар. Бұл амалдар тек материалдық көмек көрсетумен шектелмейді. Керісінше, пенденің жүрегін тазартатын, нәпсісін тәрбиелейтін, мал-мүлкіне береке дарытатын және қоғамға игілік әкелетін рухани тетік. Зекет – парыз, яғни белгілі мөлшерге жеткен мал-мүліктен міндетті түрде берілуі тиіс ғибадат. Ал садақа – ерікті құлшылық, әр адамның ықыласына байланысты жасалатын сауапты іс. Бірақ екеуінің де түпкі мақсаты ортақ – адам баласын сараңдықтан арылтып, жомарттыққа баулу және қоғамдағы әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау», – деді Бас мүфти.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру