Бас мүфти ерікті жастармен жүздесті (ФОТО)

23 қазан 2020 263 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласына сапары аясында шаһардағы студенттер үйіне ат басын бұрып, ерікті жастармен жүздесті.

Бас мүфти жалындаған жастармен рухани сұхбат жүргізіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

«Ерікті жастардың күші пандемия кезінде анық байқалды. Мұқтаждың мұңын бөлісіп, арқасындағы ауыр жүгін жеңілдетуге күш салған да – осы еріктілер еді. Кешегі Мақтааралды су басқанда да еріктілер жылдам жинала қалып, қиындықты еңсеруге жәрдемдесті. Мешіттеріміз ұйымдастырған қайырымдылық шараларына, өткенде ғана республика бойынша 30 мың түп ағаш отырғызу акциясына, басқа игі істерге жұмыла кірісіп жүрген осы жастарымызға Алла жар болсын!» – деді Бас мүфти.

Кездесу соңында ҚМДБ төрағасы індет кезінде аянбай еңбек еткен жастарға, бірқатар еріктілерге алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру