Бас мүфти «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсының ашылуына қатысты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсының салтанатты ашылуына қатысты.
Салтанатты жиынға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Нұрбек Әуесханұлы бастаған мешіттің дін қызметкерлері, ұстаздар, ата-аналар және курсқа қабылданған 10–15 жас аралығындағы шәкірттер қатысты.
Іс-шара барысында Бас мүфти шәкірттерге ақ батасын беріп, жазғы демалысты пайдалы өткізіп, білім мен тәрбиені қатар игерудің маңыздылығына тоқталды.
«Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсы – балалардың діни білімін жетілдірумен қатар, ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған рухани-танымдық жоба. Жиырма күнге жоспарланған курс барысында шәкірттерге Құран әліппесі, имандылық әліппесі, көркем мінез бен әдеп қағидалары оқытылады.
Сонымен қатар бағдарлама аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған арнайы тәрбие сағаттары ұйымдастырылады. Осы арқылы дін мен дәстүр сабақтастығын жас ұрпақтың санасына сіңіру көзделген.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі