Бас мүфти Леңгір жамағатына ихсан тақырыбында насихат айтты (ФОТО)

11 желтоқсан 2021 2154 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы іссапармен Түркістан облысы Төлеби ауданының Леңгір қаласында болды.

Бас мүфти Леңгір қаласындағы орталық «Нұр» мешітінде жергілікте жамағатпен кездесіп, рухани тәрбие Ихсан ілімі жайында уағыз-насихат айтып,  «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын таныстырды. Тұрғылықты жамағатқа бата беріп, аудан имамдарына қолдау білдірді.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы осы сапарында Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдігінің жұмысына қолдау білдіріп жүрген әжелермен кездесіп, өңірдегі жасалып жатқан игі істеріне тілектестік білдірді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру