Бас мүфти тікелей эфирде өткен брифингке қатысты (ФОТО)

08 сәуір 2021 179 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен карантин кезіндегі ораза тақырыбындағы брифингке қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Брифингте Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазанның басталауымен шын жүректен құттықтап, қасиетті айда мешіттерде атқарылатын шаралар жайлы атап өтті.

«Алла қаласа, 2021 жылдың қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Орталық Азия мүфтилерімен кеңесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып осындай шешім қабылдадық. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні. 13 мамыр – Ораза айттың бірінші күні. Алла қаласа, биыл 30 күн ораза ұстаймыз. Осы жылғы пітір садақа мөлшері жан басына 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақа мөлшері барлық облыстағы 2 келі ұнның ең төменгі бағасымен өлшенді», - деп атап өтті Бас мүфти.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру