Батыржан Мансұров тікелей эфирде сұрақтарға жауап береді

19 ақпан 2021 107 0
Оқу режимі

Ертең, 19 ақпан күні сағат 11:00-де «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті қонағы ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі және Ғұламалар кеңесінің хатшысы Батыржан Мансұров тікелей эфирде оқырман сауалдарына жауап береді.

Мүфтияттың Instagram-дағы @muftiyatkz ресми парақшасы арқылы өтетін тікелей эфирде «Кітап апталығына» орай оқырмандар кітап туралы сауалдарын жолдай алады. Сондай-ақ исламтанушы-ғалым Батыржан Берденұлына діни ақпарат беру орталығының 8 7172 33 30 30 нөміріне хабарласып, тікелей тілдесуге мүмкіндік бар.
Көкейіңізде жүрген кітап оқуға қатысты және өзге де діни сұрақтарыңыз болса, тікелей эфирді өткізіп алмаңыз!

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру