БЕЙБАРЫС СҰЛТАННЫҢ 800 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)

05 маусым 2023 1748 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мысырдың Уақып министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, әл-Азһар университетінің ректоры Саляма Дауд және өзге де қатысушылар баяндама жасады.

Конференция барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сұлтан Бейбарыстың Каирдегі мешітін күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға зор септігін тигізген Мысырдың Уақып министрі Мұхтар Жұманы, Мысырдың Жоғарғы мүфтиі доктор Шауқи Алламды, Туризм және көне ескерткіштер министрі Ахмед Исаны, Көне мұралар бойынша Жоғарғы кеңестің Бас хатшысы доктор Мұстафа әл-Уәзири мен тарихи мешіттің жөндеу жұмыстарын жүргізген компания басшысы Сеид Фаруқты «Шапағат» медалімен марапаттады.

Айта кетейік, кеше Мысыр астанасы Каир қаласында Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай «әз-Заһир Бейбарыс» тарихи мешіті қайта жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру