«БІР АЙДА – БІР КІТАП» ЖОБАСЫ: «ӘЗІРЕТ» КЛУБЫНДА «ТАБЫС ТЕОРИЯСЫ» ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

17 ақпан 2026 84 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында «Әзірет» оқырмандар клубының мүшелері кезекті рухани-танымдық басқосуға жиналды.

Кездесу барысында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Табыс теориясы» кітабы кеңінен талқыланды. Жиында мешіттің наиб имамы, діни оқу-ағарту бағытының жауапты маманы Қасым Махмұд кітаптың негізгі мазмұнына тоқталды.

Кездесу барысында клуб мүшелері өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарын ортаға салды. Еркін форматта өткен жиын ой бөлісуге, жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Басқосу қорытындысында оқырмандар келесі кездесуде аталған кітаптан түйген ой-толғамдарын бөлісуге уағдаласты. «Бір айда – бір кітап» жобасы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, жастар мен жамағат арасында кітап оқуды насихаттауды мақсат етеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру