Демеушілер «Әзірет Сұлтан» мешітінің шамдарын ауыстырды (ФОТО)

17 қыркүйек 2020 3348 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ішкі шамдары түгелдей ауыстырылды. Сәулеті мен сәні келіскен алып мешіттің ажарын арттыра түскен игі қадамға қаламыздағы TekLED компаниясы демеушілік көрсетіп, қажетті шамдары тегін жеткізіп берген болатын.

Айта кетейік, еліміздің Бас мешіті атанған «Әзірет Сұлтанның» қашанда көз тартарлық көрікті болуы, жамағатқа жайлылығы мен тазалығын қалыпты сақтап тұру едәуір қаржы мен қажыр-қайрат талап етеді. Осы орайда, Алланың жердегі үйі – мешіттерге жамағат тарапынан осы тектес демеушілік шаралары жиі ұйымдастырылып тұрады.

Бүгінгі игі шараға ұйытқы болған TEKLED компаниясының бас директоры Мехмет Акай мырзаға мешіт басшылығы атынан алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру