Діни басқарманың 30 жылдығына арналған онлайн конференция басталды (ФОТО)

25 қараша 2020 250 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай елордада «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы діни институттардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция басталды.

Конференция Құран оқумен және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мерекелік құттықтауымен ашылды.

ҚМДБ Төрағасы онлайн конференция меймандары - Діни басқарманы әр жылдары басқарған бас мүфтилер Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз және басқа да жиын қатысушыларына алғыс айтып, мүфтияттың 30 жыл ішінде атқарған шараларына тоқталды.

Конференцияға Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербаш, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усманхан Алимов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Максатбек Токтомушев, Тәжікстан Ислам орталығының төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода, Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин, Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек қажы Хадыс онлайн қатысуда. Сонымен қатар еліміздің зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар баяндама жасамақ. Шетелдік меймандар жиында онлайн құттықтау сөз сөйлейді.

Пікірлер Кіру