«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 909 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Әз-Наурыз – ырыс пен бірлік мерекесі» атты мәдени шара барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында 9 перзент тәрбиелеп отырған отбасыға 909-шы баспана кілтін табыстады.
Сондай-ақ «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында ауыр дертке шалдыққан бала Сағадат Бағдатұлының еміне 1 000 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық сертификаты тарту етілді.
Бұдан бөлек, республика бойынша 125 оңалту орталығы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 10 орталықтың емдік дене шынықтыру (ЛФК) кабинеттері толық жаңартылды. Жоба аясында 11-ші оңалту орталығына медициналық құрал-жабдық сертификаты табысталды.
Шара соңында ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев 909-шы баспана иелеріне жаңа үйді таныстырып, қоныс тойларымен құттықтады.











Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі