ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының бастамасымен елорда имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.
Жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Бас имам семинарға келген ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлына және Ислам қаржысы секторының меңгерушісі Нұржан Стамбакиевке ризашылығын жеткізіп, бұл семинардың өте маңызды екенін айтып өтті.
«Бүгін Өздеріңізге сәті түсіп екі бірдей тақырыпта семинар өткелі жатыр. Өте өзекті, керекті тақырыптар. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет қолдап, дін қызметкерлерінің үнемі білікті, білімді болуын айтып жүреді. Осы ретте біз де өз тарапымыздан барынша қолдаймыз. Білімімізді, жаттаған Құранымызды жаңартып жүруге тиіспіз. Білім де зат секілді. Жаңартып, тазалап тұрмаса қарайып қалады. Сондықтан осындай семинарлар өте маңызды» - деді бас имам.
Айта кетейік бүгінгі семинардың алғашқы спикері ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов фиқһ, пәтуа беру, діни жауапкершілік, имамның тұлғалық келбеті туралы айтып өтті. Ал екінші спикер ислам қаржысы саласының маманы Нұржан Стамбакиев пайызсыз несие, ислам банктерінің жұмысы, өсім, шариғат талаптарына сай қарыз беру үкімі турасында баяндады.
Семинар барвсында имамдар екі тақырып бойынша қос спикерге сауал жолдап, нақты жауабын алды. Ал біліктілікті арттыруға арналған семинардан соң дін қызметкерлеріне Бас имамның қатысуымен сертификат табысталды.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі