ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ «ТЕГІН ТАКСИ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

13 наурыз 2026 47 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттердің атсалысуымен Дін және отбасы бағыты аясында елордада «Тегін такси» қайырымдылық жобасы жүзеге асып жатыр.

Жоба аясында мешіт қызметкерлері мен жамағат ауа райының күрт суытуына байланысты жолда қалған немесе ашық аялдамаларда көлік күтіп тұрған тұрғындарды тегін жеткізіп, оларға қолдау көрсетіп жатыр.

Игі бастама қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға бағытталған. Суық күндері жолаушыларға көмек көрсетіп, олардың діттеген жеріне аман-есен жетуіне ықпал ету – жобаның басты мақсаты.

Сонымен қатар, Астана қаласындағы мешіттер бұл күндері басқа да қайырымдылық шараларын қатар атқарып жатыр. Атап айтқанда, көше тазалықшыларына ыстық шай мен тамақ тарату, мұқтаж отбасыларға көмір мен отын жеткізу, азық-түлік себеттерін тарату сияқты игі істер жүзеге асырылып жатыр.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру