ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНІҢ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

18 наурыз 2023 1910 0
Оқу режимі

Бүгін Елорда мешіттерінің қасиетті Рамазан айына дайындығын пысықтау мақсатында ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің жиналысы өтті. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтың төрағалығымен өткен жиынға Елордадағы 13 мешіттің бас имамдары мен жауапты қызметкерлері қатысып, жұмыс жоспарын талқылады.

Қасиетті Рамазан айындағы ауызашар дастархандарын ұйымдастыру, тарауих намазы мен қарилар мәселесі, тазалық пен қауіпсіздік шаралары, тарауих намазынан соң тегін қатынайтын автобустар жайы, т.б. жұмыстар пысықталып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Алқалы жиынға Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов арнайы қатысып, әкімдік тарапынан көрсетілетін қолдау жұмыстарымен таныстырды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру