ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНІҢ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

13 ақпан 2026 124 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен Республикалық Бас мешітте өкілдікке қарасты мешіт имамдарының жиыны өтті.

Басқосу барысында қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталып, қала имамдарына нақты тапсырмалар жүктелді.

Бас имам қаладағы құлшылық ордаларының Рамазанға дайындық жұмыстарымен жекелей танысып, сауапты да жауапты мерзімге сақадай сай болуын тапсырды. Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша жалпы жоспар құрылып, жауапты қызметкерлер бекітілді.

Тарауих намаздарының тәртібі мен қарилар дайындығы, ай бойы ұйымдастырылатын ауызашар дастархандарының әзірлігі пысықталып, қасиетті айда қайырымдылық шараларын да жандандыра түсуге шақырды. Халықтың оразаға деген ниетін оятып, ықыласын арттыра түсу мақсатында ақпараттық кітапшалар мен бүктемелер, ораза кестелерін әзірлеу тапсырылды.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы биылғы жылы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру