Елорда мешіттерінің жамағаты арасында «Теңбіл доп-2021» сайысы өтті (ФОТО)

01 наурыз 2021 3016 0
Оқу режимі

ҚМДБ Жастар ісі секторы жоспарына сәйкес Нұр-Сұлтан өкілдігінің Нұр Астана мешітінің ұйымдастыруымен футболдан Елорда мешіттерінің жамағаты арасында «Теңбіл доп-2021» сайысы өтті.

Сайысқа ҚМДБ-ның «Muftyat» командасы, Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Сапсан» командасы және Нұр-Сұлтан қаласының басқа да мешіттері атынан 12 команда қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, атаулы шараның жамағатты бірлікке, татулыққа шақырудағы және салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңыздылығына тоқталып өтті.

Топтық кезеңнен 4 команда суырылып шығып, өз араларында жартылай финал және финалдық кездесулерді өткізді. Нәтижесінде жүлделі орындарға: І орын - «Раиса ана» мешітінің «Раиса» командасы; ІІ орын – «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Сұлтан» командасы; ІІІ орынға – «С.Ғылмани» мешітінің «Қыран» командасы лайық деп танылды. Сонымен қатар командалар арасында «Ең үздік қақпашы» мен «Ең үздік ойын көрсеткен шабуылшы» номинациясы бойынша мықтылар анықталды. Жүлделі орындарға ие болған командаларға арнайы сыйлықтар мен диплом-сертификаттар табысталды.

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

TenbilDop 1

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру