ЕЛОРДА ҰСТАЗДАРЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ
Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызының басшылығымен елорда ұстаздарымен жаңа оқу жылының басталуына байланысты кезекті жиын өтті.
Жиында ұстаздардың алдағы оқу жылындағы жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, әйелдер арасында діни сауаттылықты арттыру және қайырымдылық, ағартушылық бағыттағы жобаларды жандандыру жөнінде бірқатар міндеттер айқындалды.
Сондай-ақ, діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жүйелеу, жылдық жоспар аясында жүзеге асырылатын жобалар мен алдағы іс-шаралар талқыланды.
Тұрмысы төмен әйелдерге қолдау көрсетуге бағытталған «Балық берме, қармақ бер» жобасын елорда мешіттерінде қолға алып, түрлі шеберлік сабақтарын өткізу, кәсіпке баулу және өзін-өзі жұмыспен қамтуына жағдай жасау жөнінде ұсыныстар айтылды.
Жиын соңында Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы мешіттердегі ұстаздарға алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті тапсырмалар жүктеп, белгіленген жобалар мен іс-шараларды сапалы әрі жүйелі түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.





Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі