ЕЛОРДАДА 21-22 ҚАЗАН КҮНДЕРІ ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

19 қазан 2020 3337 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай елордада 21-22 қазан күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық байқау өтеді.

Діни басқарманың ұйымдастыруымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтетін байқауда еліміздің барлық өңірінен 74 қари қатысады. Олар Құран Кәрімнің «10 пара», «20 пара», «30 пара» және «Мәнерлеп оқу» аталымдары бойынша бақ сынайды.

Қатысушылардың Құранды жатқа және мәнерлеп оқуын елімізге белгілі қари-ұстаздар, ғалымдар – Кәмілжан Садықов, Сәдуақас Олжабай, Еркінбек Шоқай, Ерсін Әміре мен Жұманазар Садырханов қадағалап, байқауға төрелік етеді.

Құранды толық жаттаған қарилардың үлкені 30 жаста болса, ең кішісі 13 жаста. Ал 10 пара жаттаған қарилардың қатарында 10 жастағы мектеп оқушысы бар. 

Елдегі пандемия жағдайына байланысты қарилар байқауын ҚМДБ «Хикмет студиясының» YouTube арнасы мен «Halyq Arna» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, Діни басқарманың Instagram-дағы ресми парақшасынан онлайн-трансляция жасалады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру