Елордалық мешіт жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы үлес қосты

27 сәуір 2026 108 0
Оқу режимі

Астана қаласында Халықаралық Жер күніне орай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елорда мешіттерінің жастары сенбілік жұмыстарына белсене қатысты. Іс-шараны Астана қаласы Жастар ісі секторы ұйымдастырды.

Акция барысында жастар мешіт аумақтары мен оған іргелес аймақтарды тазалап, қоқыстарды жинау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ағаш отырғызу жұмыстары да қолға алынып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты істер атқарылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялауға деген жауапкершілікті арттыру және қоғамды тазалыққа шақыру.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы республика көлемінде өтіп, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы игі бастамаларды біріктіріп келеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру