ЕЛОРДАЛЫҚ МЕШІТТЕР РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ БАННЕРЛЕРМЕН БЕЗЕНДІРІЛДІ (ФОТО)

18 ақпан 2026 71 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының келуіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде арнайы безендіру жұмыстары жүргізілді.

Қалалық мешіттер Рамазан айының рухани атмосферасын сезіндіру мақсатында тақырыптық баннерлермен, көрнекі ақпараттық материалдармен және мерекелік элементтермен безендірілді.

Безендіру жұмыстары барысында мешіттердің ішкі және сыртқы аумақтарына Рамазан айының маңызын насихаттайтын, оразаның қадір-қасиетін ұғындыратын жазбалар мен көркем баннерлер орнатылды.

Айта кетейік, қасиетті айда елорда мешіттерінде тарауық намаздары, ауызашар дастархандары, уағыз-насихат кездесулері мен қайырымдылық шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру