ЕЛОРДАНЫҢ ПӘТУА МАМАНДАРЫНА ШАРИҒАТ ҮКІМДЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

12 қараша 2026 45 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы бойынша жауапты маманы Жолдас Қоспақұлы елорда мешіттерінің пәтуа мамандарына Діни басқарма жариялаған бірқатар шариғи үкімді таныстырды.

Таныстырылған пәтуалар цифрлық технология, отбасы және мүлік қатынасы секілді бүгінгі қоғамда жиі қойылатын сауалдарды қамтиды. Жолдас Қоспақұлы әр үкімнің мазмұнын түсіндіріп, жамағат сұрағына Діни басқарманың ресми шешімдеріне сүйеніп жауап беру қажет екенін еске салды.

Жыл соңы жақындап қалғандықтан, жылдық тапсырмалардың орындалу тәртібі де сөз болды. Жауапты маман әр мешіттегі пәтуа қызметі жүйелі әрі уақытылы атқарылуы керегін шегелеп айтты. Соңында қатысушылар алдағы жоспарларды ақылдасып, келесі кезеңнің міндеттерін пысықтады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру