ФОЛЛОВЕР САНЫН АҚЫҒА АРТТЫРУДЫҢ ҮКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда мешіттеріндегі Пәтуа бөліміне жауапты мамандардың қатысуымен жиын өтті.
Басқосуға Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы бойынша жауапты маманы Жолдас Қоспақұлы, «Нұр-Сұлтан» мешітінің ұстазы Тамирлан Дарханұлы және қала мешіттерінің пәтуа мамандары қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінде қабылданған «Фолловер санын ақыға арттырудың үкімі» атты пәтуа талқыланды. Аталған мәселенің мәні мен шариғи негіздерін ұстаз Тамирлан Дарханұлы түсіндіріп, әлеуметтік желідегі жазылушылар санын ақылы қызмет арқылы көбейтудің діни тұрғыдан бағасына тоқталды. Сонымен қатар әлеуметтік желіні жүргізуде шынайылықты сақтау, жалған көрсеткіштерге жүгінбеу және ақпараттық кеңістікте адалдық қағидаларын ұстану мәселелері сөз болды.







Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі