ФОРУМДА «МЕШІТ ЖӘНЕ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ШӘКІРТ ӘДЕБІ» ҚҰЖАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

20 қараша 2026 124 0
Оқу режимі

Елордада өтіп жатқан «Адал қоғам: білім, рухани тәрбие және жауапкершілік» атты дін қызметкерлеріне арналған республикалық форумында «Мешіт және діни оқу орындарындағы шәкірт әдебі» құжаты таныстырылып, мақұлданды. 

Құжатты көпшілікке ҚМДБ Оқу-ағарту секторының жетекшісі Жаңабай Қожин таныстырды.

11 бөлімді қамтитын құжат шәкірттерге тек терең діни білім беріп қана қоймай, олардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, болашақ дін мамандарының қоғамдық ортада және әлеуметтік желілерде өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіріп, ұстаздар мен замандастарына деген құрметін арттыруға, сондай-ақ ақпараттық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет етуіне жол ашады. 

Таныстырылыман соң құжат бойынша Астана медресе-колледжінің 3-курс студенті Құрбанәлі Нұрдәулет пікір білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру