Ғұламалар кеңесінде бірнеше құжат пен пәтуа қабылданды (ФОТО)

24 ақпан 2021 2204 0
Оқу режимі

Кеше Атырау қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен басталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі өз жұмысын жалғастыруда.

Кезекті ХХІХ мәжілістің екінші күнінде «Үздіксіз білім беру» тұжырымдамасы, «Мұсылманның әлеуметтік желіні қолдану әдебі», «Исламдағы жастардың тұлғалық бейнесі» сынды құжаттар мен «Екпе егу үкімі», «Төлем карталарын қолдану үкімі», «Сақтандыру қызметі үкімі», «Баланы қамқорлыққа алу үкімі» секілді пәтуалар қабылданды.

Пәтуа мәтіні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттарында жарияланатын болады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру