«Инабат» клубы қыздар медресесіне қайырымдылық жасады (ФОТО)

05 ақпан 2020 5232 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы «Әлжан ана» мешіті жанындағы қыздар медресесіне қайырымдылық жасады. Оқу орнына бас мешіт тарапынан біршама азық-түлік жеткізіліп, ілім алып жатқан шәкірттерге қол ұшын берді. 

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Аягөз Жұмабекқызы мен «Инабат» клубы жетекшілері медресе шәкірттеріне ақжарма тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп қайтты. 

Басқосу соңында шәкірттерге клуб атынан кітаптар сыйға берілді.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.


 

Пікірлер Кіру