«ИНАБАТ» ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР КЛУБЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ МҰҚТАЖ АНАҒА ЭЛЕКТР ПЕШІН ТАРТУ ЕТТІ (ФОТО)

20 сәуір 2024 591 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен мүгедек баласын асырап отырған жалғызбасты анаға электр пеші тарту етілді.

«Әзірет Сұлтан» мешіті жанындағы «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен аталмыш қайырлы іс «Балық берме, қармақ бер» тәмсілі негізінде жүзеге асып отыр. Атап айтсақ, жақын маңдағы дүкендерге нан пісіріп сатып, 6 жасар баласын асырап отырған анаға сынып, жұмысқа жарамсыз болып қалған ескі пешінің орнына су жаңа пеш сыйға берілді. Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы көмекке мұқтаж әпкеміздің қазіргі қал-жағдайымен танысып, рухани демеу беріп қайтты. Сондай-ақ, төсекке таңылған бүлдіршінге Алладан шипа тілеп, арнайы дұға жасады. Қуанышы ішіне сыймаған әпкеміз көз жасына ерік беріп, қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мен әйелдер жамағатына өз алғысы мен ризашылығын білдірді. 

Айта кетерлігі, 2018 жылы негізі қаланған «Әзірет Сұлтан» мешіті жанындағы «Инабат» қыз-келіншектер клубы ай сайын қайырымдылық шараларымен айналысып, әйелдер жамағатының басын біріктіріп, игі істерге баулып келеді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру