«ІЗГІЛІК КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ «ТӨЛЕБАЙ» МЕШІТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

14 тамыз 2026 39 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ізгілік керуені» қайырымдылық жобасы елорда мешіттерінде жалғасын табуда.

Жоба аясында «Төлебай» мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.

Игі іс-шараны мешіттің бас имамы Әділхан Серікбай ұйымдастырып, мұқтаж жандарға азық-түлік көмегін жеткізді. Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірім мен өзара жанашырлықты арттыру.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру