«ІЗГІЛІК КЕРУЕНІ»: «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІ 10 ОТБАСЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

03 тамыз 2026 70 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ізгілік керуені» қайырымдылық жобасы аясында елордадағы «Әл-Ғани» мешітінде әлеуметтік қолдау іс-шарасы ұйымдастырылды.

«Әл-Ғани» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің ұйымдастыруымен, мешіт ұжымы мен жомарт демеушілердің қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж 10 отбасыға ет пен ақшалай көмек табысталды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір мұсылманның қиыншылығын жеңілдетсе, Алла Тағала оның қиямет күніндегі қиыншылықтарының бірін жеңілдетеді», – деген.

Айта кетейік, «Ізгілік керуені» жобасы аясындағы қайырымдылық іс-шаралары елорда мешіттерінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру