«ІЗГІЛІК КЕРУЕНІ»: «АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ 35 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕРІЛДІ
19 тамыз 2026
58
0
Оқу режимі
Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының бастамасымен қолға алынған «Ізгілік керуені» қайырымдылық жобасы елорда мешіттерінде өз жалғасын табуда.
Жоба аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйытқы болуымен «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Мәуліт айына орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі бастама барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.
Қайырымдылық шарасының мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамда өзара жанашырлық пен бауырмалдықты арттыру, ізгілік пен қайырымдылық мәдениетін кеңінен насихаттау.












Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру