«КАЛЛИГРАФИЯ – РУХАНИ ӨНЕР» АТТЫ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

11 қараша 2023 940 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен қала мешіттерінде әйел жамағатына арналған әртүрлі семинарлар, шеберлік сағаты, қайырымдылық жәрмеңкелері мен басқа да бағыттағы шаралар көптеп өткізіліп келеді. Жылдық жоспарға сәйкес, бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде осындай пайдалы шаралардың бірі – «Каллиграфия – рухани өнер» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Мешіт ұстазы Нұргүл Әлиханқызы жиылған жамағатқа жалпы каллиграфия өнері жайлы ақпарат беріп, қатысушыларға арнайы каллиграф маман Альбина Ғабдешованы таныстырды. Шеберлік сағаты аясында мешіт жамағаты әсемдеп жазудың құпиясына қанығып, өздері де өнерлерін байқап көрді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру