«Халал даму» мамандары – Қырғызстан діни басқармасында (ФОТО)

19 ақпан 2021 2569 0
Оқу режимі

Қырғызстанға арнайы іссапармен барған «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти міндетін атқарушы Жорабай Шерғазыев мырзамен жолығып, тәжірибе алмасты.

Кездесуге мүфтияттың пәтуа маманы Тоқтоғазы Бахтияр мен Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің халал индустрия бөлімінің басшысы Кайырбеков Алмаз және «Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл қатысты.

Ресми кездесуде тараптар Орталық Азиядағы халал индустриясының жай-күйі жайлы пікір алысты. Басқосуда күллі мұсылманға ортақ «халал» мәселесін халыққа насихаттау, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті халал өнім өндіруші кәсіпорындар санын арттыру, екі елдің халал стандарттау және сертификаттау жүйесінде өзара тәжірибе алмасу, мамандардың білімін жетілдіру, тұтынушылар арасында «халал» таңбасына деген сенімділікті қалыптастыру, т.б. мәселелері талқыланып, бауырлас елдердің ортақ мүдде мен мақсат үшін бірлесіп қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде Жорабай Шерғазыев «Халал Даму» ұйымының стандарттау және сертификаттау саласында атқарып жатқан қызметін жоғары бағалап, оң пікірін білдірді.

«Қырғыз – қазақ халқына ең жақын ұлт. Біздің дәстүріміз бен дініміз, мәзһабымыз бен мәдениетіміз бір. Ортақ құндылықтарымыз көп. Діни, рухани, халал бағытындағы әріптестік байланысымызды әрқашан жандандырып отыруымыз – татулығымыздың жарқын көрінісі. Қазақстан мен Қырғызстанның Діни басқармалары әрдайым өзара ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Бұл екі елдің алған бағыты бір, құндылықтары ортақ екенін паш етеді. Сіз бен біздің мақсатымыз – Алланың бекіткен халал тақырыбын насихаттау, халал индустриясы саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, екі ел нарығында халал халал өнімдерді арттырып, тұтынушыларды адал өніммен қамтамасыз ету», – деп атап өтті Айбек Асқарбекұлы.

Ресми жиынға арнайы келген экономика министрлігінің халал индустрия бөлімінің басшысы Кайырбеков Алмаз «Халал Даму» ұйымымен екіжақты меморандум жасасуды ұсынды. Меморандум негізінде тәжірибе алмасуға ықпал ететін игі шараларды жүзеге асыру қажеттігін жеткізді.

Басқосу барысында Бас мүфти міндетін атқарушы Жорабай Шерғазыев «Халал Даму» тәжірибесін пайдалана отырып, болашақта халал сертификаттау бағытында жұмыс істеу жоспарда бар екендігін айтты. Бауырлас ел тәжірибесі негізінде халал стандарттау және сертификаттау саласын жетілдіру қажеттігін айтып, ресми сапармен арнайы келген «Халал Даму» мамандарына алғысын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру