«КӨКТАЛ» МЕШІТІНДЕ 32 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
08 қазан 2026
112
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Көктал» мешітінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін 32 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Игі бастама мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, олардың тұрмысына аз да болса демеу болу мақсатында жүзеге асырылды. Қайырымдылық іс-шарасына «Көктал» мешітіне жауапты куратор Шалқар Жолды, «Көктал» мешітінің имамы Сәбит Ережепов және «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай қатысты.
Іс-шара барысында Дін қызметкерлері қайырымдылықтың қоғамдағы маңызына тоқталып, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – асыл дініміздің құндылықтарының бірі екенін атап өтті.










Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру