«КӨКТАЛ» МЕШІТІНДЕ РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

17 ақпан 2026 108 0
Оқу режимі

«Көктал» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай жамағат арасында арнайы семинар ұйымдастырылды.

Тағылымды кездесуді мешіттің жастар ісіне жауапты ұстазы Хұрсан Бердімұратов жүргізді. Семинар барысында Рамазан айына рухани дайындық мәселесі кеңінен қозғалды. Ұстаз оразаның тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес, ең алдымен жүрек пен ниетті тазарту, құлшылық-ғибадатты арттыру айы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ораза ұстаған мұсылманның өзге адамға тілімен де, іс-әрекетімен де қиянат жасамауы керектігі, сабыр мен көркем мінезді сақтау – оразаның басты шарттарының бірі екені түсіндірілді.

Кездесу барысында қайырымдылықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Жамағатқа қасиетті айда қолдан келгенше көбірек сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын созу қажеттігі айтылды. Ауызашар беру, зекет, пітір және фидя садақалары туралы шариғи түсінік беріліп, олардың тәртібі мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру