«КӨКТАЛ» МЕШІТІНІҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЗАҒИПТАР КІТАПХАНАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

20 ақпан 2026 50 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айында «Көктал» мешітінің Жастар ісі секторына жауапты ұстазы Хұрсан Бердімұратов арнайы «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға» барып, қазыналы қарттармен жүздесті.

Кездесу барысында ұстаз Рамазан айының қадір-қасиеті мен мұсылман өміріндегі маңызы туралы кеңінен насихат айтты. Қасиетті айдың мейірім мен кешірім айы екенін атап өтіп, шамасы келген жанға ораза ұстаудың сауабы мол екенін жеткізді. Сондай-ақ, Рамазанда жасалған әрбір ізгі амалдың еселеніп жазылатынын, шынайы ниетпен жасалған құлшылық пен ғибадаттың адамның рухани тазарып, күнәларының кешірілуіне себеп болатынын түсіндірді.

Жиналған жамағат өздерін толғандырған сауалдарын қойып, рухани әсер алып, ризашылықтарын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру