«КӨКТАЛ» МЕШІТІНІҢ ЖАСТАРЫ ОТАНДЫҚ КИНОТУЫНДЫНЫ ТАМАШАЛАУҒА БАРДЫ

21 қараша 2026 175 0
Оқу режимі

«Көктал» мешітінің Жастар ісі секторына жауапты ұстаз Хұрсан Бердімұратовтың ұйымдастыруымен мешіт жастары отандық «Бауырлар» кинотуындысын тамашалады.

Жастар фильмнен ерекше әсер алып, бауырмалдық, достық пен адамгершілік туралы тағылымды ой түйді.

Алла Тағала Құранда: «Расында, мүміндер – бір-бірінің бауыры» (Хұжұрат сүресі, 10-аят) – деп баяндайды. Ал Пайғамбарымыз ﷺ: «Мұсылман – мұсылманның бауыры» (Бұхари, Мүслім) – деген.

«Бауырлар» – режиссер Дархан Төлегеновтің дебюттік фильмі. Оқиға жасы толып, жетімдер үйінен енді шыққан Ақжол есімді жігіттің төңірегінде өрбиді. Ол өмір сүру үшін ұсақ ұрлыққа барып, әкесін іздейді. Іздеу барысында оның байлардың асыранды баласы болып өскен Дален есімді інісі бар екенін біледі. Фильм бауырлар арасындағы қарым-қатынас туралы.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру