МАҢҒЫСТАУДА «РАМАЗАН СЫЙЫ» МАРАФОНЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

04 наурыз 2026 55 0
Оқу режимі

Маңғыстау облыстық «Бекет ата»мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Рамазан сыйы» марафоны жалғасын тапты.

Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

Бас мүфти өз сөзінде адал еңбектің қадір-қасиетіне тоқталып, қоғамның тазалығы мен тұрақтылығына үлес қосып жүрген қарапайым еңбек иелеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, мұндай сауапты шаралардың мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету ғана емес, қоғамда жанашырлық пен мейірімділікті арттыру екенін атап өтті.

«Рамазан – бір-бірімізге жанашыр болып, көмек қолын созатын ай. Адал еңбек етіп жүрген әрбір жан құрметке лайық. Берекелі қоғам өзара қолдаудан басталады», – деді Бас мүфти.

Шара барысында 200 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылып, қасиетті айда жұмысшы тазалықшы мамандарға, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетілді.


/







Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру