Миссия дәрігерлері Минада қабылдау өткізуде (ФОТО)

14 тамыз 2019 4423 0
Оқу режимі

Қазақстан қажылық миссиясымен бірге келген дәрігерлер Мина жазығында да тынымсыз қызмет көрсетуде.

Арнайы шатырда ашылған бұрышта қажыларымызға ем-дом жасалып жатыр. Одан бөлек дәрігерлік топ әр шатырды аралап, отандастарымыздың жағдайын жиі бақылауда. Минадағы соңғы үш күнде 150-ге жуық адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қаралушылардың басым бөлігі жоғары тыныс жолы, асқазан ішек аурулары, тірек-қимыл аппараты мен қан қысымының көтерілуіне байланысты дәрі қабылдап жатыр.

Айта кетейік, емдеу шаралары қажылықтың соңғы күніне дейін жалғасады.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру