«Munara tv» директоры филиал жұмысын тексерді (ФОТО)

23 мамыр 2022 2497 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ға қарасты «MUNARA TV» телеарнасының директоры Нұржан Таласұлы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне арнайы ат басын бұрып, арна филиалының жұмысын тексерді.

Қызметтік сапар барысында Нұржан Таласұлы Қарағанды облыстық ihsan.kz сайтының бас редакторы Ақжігіт Оразалыұлымен кездесіп, «IHSAN MEDIA» студиясының жұмыс барысымен танысып, студияның тыныс-тіршілігінен хабар алды. «MUNARA TV» телеарнасымен бірлесіп тың дүниелерді жарыққа шығару, халыққа рухани ақпарат-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатындағы бірнеше жоспарды талқыға салды.

Сондай-ақ кездесуде Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Естай Айтуғанұлы «NAQYL MEDIА» студиясының қазіргі жұмыс барысымен таныстырып, алға қойылған мақсаттарын бөлісті. Нұржан Таласұлы Қарағанды облысына қарасты студиялардың жұмысына ризашалық білдірді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «IHSAN MEDIA» студиясы ҚМДБ-ның медиа саласындағы жұмыс ауқымын ұлғайтуға өзіндік үлес қосып келеді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру