МЫСЫР САПАРЫ: ЕКІЖАҚТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

05 маусым 2023 1704 0
Оқу режимі

Мысыр Араб Республикасына ресми сапары барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы елдің Уақып министрі Мұхтар Жұма және әл-Азһар университетінің ректоры Саляма Даудпен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесуде екі елдің руханият, дін саласындағы әріптестік байланысы сөз болды. Министр Дархан Қуандықұлы Нұр-Мүбарак университетіндегі атқарылып жатқан жұмыстар және аталмыш білім ордасының филиалын ашу жөнінде ұсынысын жеткізді. Өз кезегінде Мұхтар Жұма қазақстандық делегацияға ризашылығын білдіріп, Дархан Қуандықұлы мен Наурызбай қажы Тағанұлын күзде Каир қаласында өтетін халықаралық конференцияға және жаңадан салынып жатқан зәулім мешіттің ашылуына шақырды.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мұхтар Жұмаға Нұр-Мүбарак университетіне көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғысын білдірді. Кездесу соңында министр мен ректорға қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетілді. Мұхтар Жұма да Дархан Қуандықұлы мен Наурызбай қажы Тағанұлына сый-сияпат жасады.  

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру