Наиб мүфти Қордайдағы қайырымдылық шарасына қатысты (ФОТО)

27 сәуір 2021 3158 0
Оқу режимі

Қасиетті айда жасалып жатқан қайырымдылық жұмыстарының саны тағы бір игі шарамен толықты.

Жиынға Қордай ауданына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Жамбыл облыстық Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілі Ержан Аманбаев және ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қатысты.

Қайырымдылық шарасында 65 отбасыға азық-түлік салынған қораптар таратылды. Қасиетті айда зекет ретінде мешітке берілген 2 ірі қара малы сойылып, ол түгелдей осы кездесуге келген тұрғындарға үлестіріліп берілді.

Тұрғындармен кездесу барысында барлық санитарлық талаптар сақталды. Шара соңында Қасиетті Рамазан айының берекесі үшін дұға жасалды.

.

Дереккөз: asyldin.k

Пікірлер Кіру