НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ (ФОТО)
22 наурыз 2023
1856
0
Оқу режимі
![](/img/news/f748598aeb9fc3bc3de0a5e4be91866c.jpeg)
Ұлыстың ұлы күнінде Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы «Қайырымдылық жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Мерекенің мейірін сезіндіре түскен жаймашуақ күн райы да, келушілердің көтеріңкі көңіл-күйлері де - мешіт ауласындағы ұлттық мерекенің маңызын аңғартып, мерейін асыра түсті.
ҚМДБ Астана өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен өткен «Қайырымдылық жәрмеңкесінде» жайылған тәтті тағамдар мен ыстық тамақтар, наурызкөже сынды ұлттық тағамдарымыз жамағаттың сауапқа толы сауда жасауларына себепкер болды. Сондай-ақ, мерекелік шараға арнайы келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы саудаға береке тілеп, біршама кітаптар сатып алды.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру