НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ СЕМЕЙДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

23 қыркүйек 2022 530 0
Оқу режимі

Семей қаласына сапары барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Абай облысының орталық мешітінде жамағатқа «Ер адамның отбасы алдындағы жауапкершілігі мен міндеті» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын өткізді. 

«Отбасы босағасының берік, шаңырағының биік болуы, ондағы жанұя мүшелерінің тату-тәтті өмір сүруі – бір-бірлерінің алдындағы отбасылық міндеттерді жауапкершілікпен орындауларына тікелей байланысты. Бабаларымыз «Екi жақсы қосылса, өлгенiнше дос болады, екi жаман қосылса, өлгенiнше өш болады» деп тектен тек айтпаса керек. 

Асыл дініміз Исламда әйел адамның ері алдында орындауы керек міндеттері болғанындай, ер адамның да әйелі алдында атқаратын міндеттері бар» деген ҚМДБ Төрағасы ер адамның әйелі алдындағы міндеттерін атап, отбасы құндылығы туралы насихатын жеткізді.

Әр отбасында береке мен бірлік орын алуы үшін ерлі-зайыптылар арасындағы ақысын орындау ер мен әйелден бірдей талап етіледі. Ер азамат отбасының негізгі жауаптысы әрі тәрбиешісі болғандықтан, әсіресе отағасы жағынан осындай көркем сипаттар көптеп көрініс табуы қажет деп сөз түйіндеген Діни басқарма төрағасы жамағатпен бірге дұға жасап, елдің амандығын, тыныштығын тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру