Нұр-Мүбарак университетінде мұз айдыны ашылды (ФОТО)

14 қаңтар 2021 2408 0
Оқу режимі

Алматының қысқы кереметінің бір көрінісін енді Нұр-Мүбарак университетінің оқу кешенінен көруге болады. Университеттің спорт алаңы қысқы ауа-райының мүмкіндіктеріне сай алғаш рет мұз айдынына айналды.

Алғашқы күні университет қызметкерлерінен құрылған екі команда хоккей ойынында өзара бақ сынады. Бұл сайысқа арнап арнайы керек-жарақ, асай-мүсейлер де алынған болатын. Сондықтан хоккей ойынын оқу орнынан тыс сырттан келушілерге де ақылы түрде ойнауға мүмкіндік жасалуда.

Алғашқы күндері жалпы халыққа қолдануға тегін ұсынылған мұз айдынын қыс мезгілі аяқталғанша қалпында ұстап тұру үшін де өз мүмкіндіктерін өзіне жұмсау жағына мән беруге тура келмек.

«Әл-Фараби даңғылы Алматыдағы ең үлкен жол арнасы әрі тауға жақын орналасқан. Бұл жерде коньки тебу қай жағынан да тиімді әрі қажеттілік бар екенін ескеріп, университеттің спорт алаңын құр тұрғызбай көк айдынға айналдырдық. Қазір мұз алаңында өтетін университетішілік жарыстарды да бастап кеттік» дейді проректор, доцент Қайрат Құрманбаев.

Мұз алаңында шайбаға таласқан университет қызметкерлері мұның қарбалас жұмыс күнінен кейін тамаша сергу алаңы болғанын атап өтті.

Пікірлер Кіру