Өкілдік жиналысында Құрбан айтқа қатысты мәселелер талқыланды (ФОТО)

12 шілде 2021 3560 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша кеше Құрбан айт мерекесіне қатысты жалпы жиналыс болып өтті. Жиналысқа қаладағы 12 мешіттің бас имамдары мен басты жұмыс бағыттары бойынша жауапты қызметкерлер қатысты.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов қала мешіттеріндегі Құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстарымен танысып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының qurban.2021.kz сайтының жұмысына атсалысу, құрбандық шалынатын орындарды әзірлеу және қаупісіздік-тазалық шаралары, қасапшылар даярлау және оларға түсіндірме семинар ұйымдастыру, құрбандық малының жарамдылығы мен бағасын анықтау секілді мәселелер бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, жауапты қызметкерлер бекітілді.

Айта кетейік, шілде айының 20-жұлдызы – қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Арапа – 19 шілде.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру